МЕНЮ

Профилактика және уақтылы тексерулер – мықты денсаулықтың кепілі

9–15 наурыз аралығында Бүйрек обыры туралы хабардарлық апталығы өтуде. Бұл апта жыл сайын наурыз айының екінші бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік бүйрек күніне орай ұйымдастырылады. Аталған күн қоғам мен медицина қызметкерлерінің назарын бүйрек ауруларының, соның ішінде қатерлі ісіктердің алдын алу, ерте диагностикалау және дер кезінде емдеу мәселелеріне аударуға бағытталған.
Бүйрек обыры несеп-жыныс жүйесінің ең жиі кездесетін онкологиялық ауруларының қатарына жатады. Аурудың қауіптілігі – оның ерте кезеңдерде көбінесе ешқандай белгісіз, симптомсыз өтуінде. Сондықтан тұрақты медициналық тексерулерден өту және өз денсаулығына мұқият қарау өте маңызды.
Бүйрек обыры туралы хабардарлық апталығы халықты қауіп факторлары, ерте анықтаудың маңызы және диагностика мен емдеудің заманауи мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруға бағытталған. Ақпараттандыру деңгейінің артуы ауруды уақытында анықтауға, емдеудің тиімділігін арттыруға және пациенттердің өмір сапасы мен ұзақтығын сақтауға көмектеседі.
Естеріңізге саламыз: тұрақты профилактикалық тексерулерден өту, салауатты өмір салтын ұстану және алғашқы алаңдататын белгілер пайда болған жағдайда дәрігерге дер кезінде қаралу – онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтаудың маңызды қадамдары болып табылады.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық