МЕНЮ

Ядролық медицина және онкология орталығының мамандары Қазақстан онкологтары мен радиологтарының X съезіне қатысуда

12–14 наурыз аралығында Алматы қаласында халықаралық қатысумен Қазақстан онкологтары мен радиологтарының X съезі өтуде. Бұл елдегі онкология және радиология саласындағы ең ірі кәсіби ғылым-білімділік іс шарасы болып саналады. Съезд жетекші мамандарды, ғалымдарды, медициналық ұйымдардың басшыларын, кәсіби қауымдастықтардың өкілдерін және халықаралық медициналық қоғамдастықты біріктіреді.
Съезд жұмысына Орталығымыздың онколог дәрігерлері мен мамандарының үлкен тобы қатысуда. Осындай ауқымды ғылыми алаңға қатысу мамандарға тәжірибе алмасуға, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылауға, сондай-ақ әлемдік онкологиядағы соңғы ғылыми жетістіктермен танысуға мүмкіндік береді.
Ғылыми бағдарлама аясында онкологиялық көмекті дамытудың негізгі бағыттары қарастырылуда. Олардың қатарында қатерлі ісіктердің алдын алу және ерте анықтау мәселелері, онкохирургияның заманауи жетістіктері, сәулелік терапия мен ядролық медицинаны дамыту, таргеттік және иммунотерапияны қолдану, медициналық визуализация мен патоморфологиялық диагностиканың әдістерін жетілдіру бар. Сонымен қатар жоғары технологиялық емдеу тәсілдерін енгізуге, мультидисциплинарлық тәсілді дамытуға, оңалту және паллиативтік көмек мәселелеріне, онкологиялық пациенттердің өмір сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Съезд Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген мамандар мен шетелдік сарапшылар арасында кәсіби диалог пен білім алмасу алаңы ретінде ерекше маңызға ие. Мұндай кездесулер озық клиникалық тәжірибелердің таралуына, өзекті ғылыми зерттеулерді талқылауға және онкология саласында жаңа бірлескен жобаларды қалыптастыруға ықпал етеді.
Ядролық медицина және онкология орталығы үшін съезге қатысудың маңызы зор. Алынған жаңа білім мен кәсіби байланыстар диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын тәжірибеге енгізуге, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіруге және еліміздің жетекші бейінді мекемелерімен өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Орталық мамандарының Қазақстан онкологтары мен радиологтарының X съезі жұмысына қатысуы өңірдің онкологиялық қызметін одан әрі дамытуға, дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттыруға және онкологиялық аурулармен күрестің тиімділігін күшейтуге бағытталған инновациялық емдеу әдістерін енгізуге ықпал етеді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық