МЕНЮ

Ядролық медицина және онкология орталығының дәрігерлері онкологиялық көмекті дамытуға арналған халықаралық тәжірибені меңгеруде

Орталығымыздың бір топ дәрігерлері 23–27 наурыз аралығында Anadolu Medical Center базасында өткен біліктілікті арттыру курстарының екінші кезеңін аяқтады. Оқыту Қазақстан Республикасында 2023–2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында, Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылды.
Отанға оралғаннан кейін мамандар ой бөлісіп, алынған білімді Орталық тәжірибесіне енгізу туралы айтып берді. Хирургия бөлімінің ординаторы Асхат Қабыкенов түрік әріптестерінің лапароскопиялық хирургиядағы тәжірибесін атап өтті. Маммология және гинекология бөлімінің онколог дәрігерлері Маржан Джакупаева мен Әсем Чалдыбаева Anadolu Medical Center-де енгізілген онкогинекологиядағы диагностика және емдеу әдістері туралы баяндады.
Осы сапардың арқасында екі клиниканы салыстыра келе, біздің мамандар Орталықтағы техникалық жабдықталу мен қолданылатын әдістер халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін және шетелдік клиникалардан кем түспейтіндігін тағы да дәлелдеді. Дегенмен, мұндай білім беру бағдарламаларына қатысу дәрігерлерге тәжірибе алмасуға, онкология саласындағы озық жетістіктерді талқылауға мүмкіндік беріп, нәтижесінде медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық