МЕНЮ

Астанада осы күндері Орталығымыздың үлкен делегациясы Таиланд Елшілігінің «Онкология, прецизионды медицина, мультидисциплинарлық емдеу және сауықтыру саласындағы Таиланд – Қазақстан медициналық ынтымақтастығы» жобасының жұмысына қатысуда.

Астанада 6–7 сәуір күндері Қазақстан Республикасындағы Таиланд Корольдігі Елшілігінің бастамасымен онкология, прецизионды медицина, мультидисциплинарлық емдеу және сауықтыру салаларындағы академиялық және клиникалық ынтымақтастықты дамытуға арналған халықаралық жоба өтуде. Іс-шара Таиланд пен Қазақстанның жетекші медициналық ұйымдарын, ғылыми орталықтарын және бейінді жоғары оқу орындарын біріктіріп, тәжірибе алмасу, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылау, сондай-ақ әріптестіктің жаңа бағыттарын қалыптастыру үшін маңызды алаңға айналды.
Ядролық медицина және онкология орталығының аталған жобаға қатысуы оның халықаралық кәсіби қауымдастыққа ықпалдасуға және озық медициналық технологияларды енгізуге ұмтылысын көрсетеді. Орталық делегациясының құрамына Орталық директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Саят Танатаров, радиациялық қауіпсіздік және физикалық қорғау қызметінің басшысы Даурен Әділбаев, радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды өндіру және қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Әсет Сарсекеев, сондай-ақ жобалар және БАҚ қызметінің басшысы Айгерім Рахимова кірді.
Академиялық симпозиум және нетворкинг-сессиялар аясында онкологиялық көмекті дамытудың негізгі бағыттары талқылануда. Олардың қатарында жоғары технологиялық диагностика, радиофармацевтикалық препараттарды қолдану, ядролық медицинаны дамыту, сондай-ақ прецизионды медицина қағидаттарына негізделген инновациялық шешімдерді енгізу бар. Сонымен қатар кадрларды даярлау, білім мен технология трансфері және мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылуда.
Іс-шара барысында Орталықтың жобалар және БАҚ қызметінің басшысы Айгерім Рахимова өңірдегі онкологиялық сырқаттанушылыққа, сондай-ақ Абай облысында онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға арналған баяндама жасады. Баяндамасында өңірлік онкологиялық қызмет жүйесінің өзекті мәселелері мен жетістіктері, оның ішінде диагностикалық базаны дамыту, мамандандырылған емдеудің қолжетімділігін арттыру және заманауи терапия әдістерін енгізу қамтылды.
Орталықтың осы халықаралық жобаға қатысуы оның онкологиялық қызметті дамытудағы белсенді ұстанымын және жетекші шетелдік медициналық мекемелермен ынтымақтастықты кеңейтуге деген ұмтылысын айқындайды. Мұндай бастамаларды іске асыру медициналық көмектің сапасын арттыруға, инновацияларды енгізуге және Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-практикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық