МЕНЮ

2026 жылдың I тоқсанындағы онкологиялық қызметтің қорытындылары талқыланды

Бүгін онлайн форматта Қазақстан Республикасындағы онкологиялық қызметтің үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен бейінді медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы онкологиялық қызметтің жұмыс нәтижелері қорытындыланды. Қатысушылар онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кешенді жоспарды іске асырудың негізгі индикаторларын, қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіштерін, сондай-ақ қатерлі ісіктердің алдын алу және ерте анықтау шараларын талқылады.
Абай облысы бойынша баяндама жасаған Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының Ядролық медицина және онкология орталығы директорының міндетін атқарушы, м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер Бекетова Баян өз сөзінде атқарылған жұмыстардың нәтижелерін ұсынып, қол жеткізілген көрсеткіштер мен онкологиялық қызметті одан әрі дамытудың басым бағыттарын атап өтті.
Осындай отырыстарды өткізу өңіраралық өзара іс-қимылды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және халыққа көрсетілетін онкологиялық көмектің сапасын арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық