МЕНЮ

Дерт белгі бермей дамығанда: біздің Орталық мамандары ерекше нәтижемен аяқталған ота жасады.

Бүгін Ядролық медицина және онкология орталығында алғаш қарағанда қалыпты болып көрінетін, алайда нәтижесі ерекше болған ота жасалды. Онкогинекологтар тобы 47 жастағы пациенттен диаметрі 31 сантиметр, салмағы 6 килограмнан асатын ісікті сәтті алып тастады.
Бұл жағдай кейбір аурулардың қаншалықты жасырын түрде дамитынын тағы бір рет дәлелдейді. Бірнеше жыл бойы әйел адам гинекологқа профилактикалық тексеруден өтпеген, себебі ешқандай шағымы болмаған. Тек осы жылдың ақпан айында, пневмониямен қаланың бір клиникасына түскен кезде жүргізілген тексерулер барысында ірі өскін анықталған. Осыдан кейін пациентка қосымша тексеру мен ем алу үшін біздің Орталыққа жолдама берілген. Орталыққа келген кезде ол ішінің үлкеюіне және тәбетінің төмендеуіне шағымданған.
Орталығымызға келген пациентке тексеру кезеңінде дәрігерлер лапароцентез жүргізді — бұл жарақаты аз процедура, оның барысында құрсақ қуысынан шамамен 7 литр сұйықтық алынып, пациенттің жағдайы жеңілдетілді. Одан кейін бірнеше сағатқа созылған күрделі ота барысында хирургтар диаметрі 31 сантиметр, салмағы 6200 грамм ісікті алып тастады. Негізгі диагноз — сол жақ аналық бездің муцинозды шекаралық ісігі. Мұндай эпителиалдық жаңа өскін ұзақ уақыт бойы айқын белгілерсіз дамуы мүмкін. Дәл осы жағдай біздің пациентте де байқалды: ол қалыпты өмір сүріп, денсаулығындағы күрделі мәселе туралы білмеген.
Хирургиялық араласу — үйлесімді командалық жұмыстың нәтижесі. Негізгі ота жасаған хирург — маммология және гинекология бөлімшесінің аға ординаторы Асем Чалдыбаева, ассистент — сол бөлімшенің дәрігері Зауре Кенжекова. Сонымен қатар операцияның сәтті өтуіне анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінің мамандары, атап айтқанда анестезиолог-реаниматолог дәрігер Бауыржан Никомбаев үлкен үлес қосты.
Қазіргі таңда пациенттің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ. Ол дәрігерлердің бақылауында болып, қалпына келу кезеңінен өтуде. Бұл жағдай профилактикалық тексерулер мен скринингтердің маңыздылығын тағы да айқын көрсетеді. Шағымдар болмаса да, ағзада күрделі дерттер дамуы мүмкін. Ал оларды ерте кезеңде анықтау емдеуді әлдеқайда тиімді етеді. Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау — тек ауру белгілері пайда болғанда ғана емес, алдын алу шараларын уақытылы жүргізу.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық