МЕНЮ

Әйел денсаулығы – қоғам әл-ауқатының негізі: Онкология орталығының мамандары дөңгелек үстелге қатысты

28 сәуір күні орталығымыздың мамандары әйелдердің профилактикалық медициналық тексерулер мен скринингтік зерттеулерден өтудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған «Салауатты әйел – салауатты ұлт!» әлеуметтік акциясы аясында «Ана Үйі» қоғамдық қоры ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шара барысында Орталық атынан маммология және гинекология бөлімшесінің онкогинеколог дәрігерлері Әсем Чалдыбаева мен Маржан Джакупаева, сондай-ақ ситуациялық орталықтың дәрігері Дидар Қәдірбеков сөз сөйледі. Кездесу барысында мамандар қатысушыларға скринингтік тексерулерден уақтылы өтудің маңыздылығы, онкологиялық ауруларды ерте анықтау, сүт безі обыры мен жатыр мойны обырының алдын алу туралы жан-жақты ақпарат беріп, әйелдерді толғандырған сұрақтарға жауап берді.
Дөңгелек үстел аясында азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға, профилактикалық тексерулерден тұрақты түрде өтудің қажеттілігіне және халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Орталық мамандары ауруларды ерте анықтау емдеу тиімділігін айтарлықтай арттырып, пациенттердің өмір сапасын сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мұндай іс-шаралардың әлеуметтік маңызы зор, себебі олар халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға, медицина қауымдастығы мен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың аурулардың алдын алуға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық