Бекітілген іссапар кестесіне сәйкес Ядролық медицина және онкология орталығының онколог дәрігерлері мен сонолог маманы Бородулиха аудандық орталық ауруханасына барды.
Алдын ала ЯМжОО мамандарының консультациясын қажет ететін пациенттердің тізімі жасақталды. Іссапар барысында онколог, онкогинеколог және онкомаммолог кабинеттерінде 36 пациент қабылданды. Клиникалық тексеру нәтижесінде 16 пациентте онкологиялық ауруларға күдік анықталды.
Одан кейін пациенттер ультрадыбыстық зерттеуге және жіңішке инелі аспирациялық биопсия жүргізуге жіберілді. Сонологиялық критерийлер бойынша 39 пациентте онкопатология анықталып, барлығына жіңішке инелі аспирациялық биопсия жүргізілді. Анықталған аурулар қатарында сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, аналық без ісіктері, тері обыры, төменгі ерін обыры, жұмсақ тін саркомасы, бастапқы ошағы анықталмаған лимфа түйіндеріндегі метастаздар бар.
Сонымен қатар Бородулиха аудандық орталық ауруханасының басшылығымен өткен жұмыс кездесуі барысында өңірдің онкологиялық қызмет көрсеткіштері, даму перспективалары және техникалық жабдықтау мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, 2027 жылы компьютерлік томограф сатып алу жоспарланған.
Барлық пациенттер әрі қарай тексеру мен ем алу үшін Ядролық медицина және онкология орталығына «жасыл дәліз» арқылы жолданды.