МЕНЮ

Алдын алу – денсаулық кепілі!

Құрметті достар! 4–31 мамыр аралығында Орталығымызда терінің қатерлі ісігі мен меланома туралы халықтың хабардарлығын арттыру айлығы өтеді. Осы уақыт ішінде біз сіздермен терінің қатерлі ісігі мен меланома туралы, әсіресе аурудың алғашқы белгілері, алдын алу әдістері және емдеу ерекшеліктері жөнінде барынша пайдалы ақпаратпен бөлісетін боламыз.
Сонымен қатар, терінің қатерлі ісігі мен меланоманы ерте диагностикалау бойынша «Ашық есік күні» сияқты түрлі іс-шаралар жоспарланған. Өткізу күні мен толық ақпарат әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда жарияланады. Сондықтан бізге жазылып, пайдалы ақпараттармен бөлісуді ұмытпаңыздар. Сіздердің белсенділіктеріңіз көпшілікке өзекті жаңалықтар мен іс-шаралар туралы хабардар болуға көмектеседі.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық