МЕНЮ

Мобильді бригада Бесқарағай ауданында

Орталығымыздың мамандары өңір аудандарына мобильді бригадалар құрамында іссапарларын жалғастыруда. Кезекті жұмыс сапары 12 мамыр күні Бесқарағай ауданында өтті. Аудандық орталық аурухана базасында тұрғындар Орталықтың бейінді мамандарынан кеңес алып, қажетті тексерулерден өтті.
Мобильді бригада құрамында куратор — радиолог-дәрігер Ерғанат Сабеков, гинеколог Алма Утенова, эндоскопия және функционалдық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі, УДЗ дәрігері Арайлым Бауыржан, ситуациялық орталықтың медициналық тіркеушісі Алина Азимханова, сондай-ақ мейіргер-тіркеушілер жұмыс атқарды.
Мобильді бригаданың жұмысы нәтижесінде аудан тұрғындары білікті медициналық көмек пен қажетті ұсынымдар алды. Бірқатар пациенттер қосымша тексерулерге жолданды. Осындай іссапарлар ауыл тұрғындары үшін мамандандырылған онкологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға, ықтимал патологияларды дер кезінде анықтауға және аудандық мамандармен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
Мобильді бригадалардың тұрақты жұмысы — онкологиялық ауруларды ерте анықтау жүйесінің маңызды бөлігі. Скринингтік және профилактикалық тексерулер ауруды бастапқы кезеңде анықтауға ықпал етеді. Бұл кезде емдеу анағұрлым тиімді болып, пациенттердің өмір сапасын сақтауға мүмкіндік береді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық