МЕНЮ

Мобильді бригада Жарма ауданында

14–15 мамыр күндері Ядролық медицина және онкология орталығының мамандары өңір тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Жарма ауданына мобильді бригада құрамында іссапармен барды.
Мобильді бригада құрамына координатор— хирург Аманжол Қанапиянов, дәрігер-онколог Алма Утенова, дәрігер-маммолог Аяулым Есентаева, Эндоскопия және функционалдық диагностика орталығының жетекшісі, УДЗ дәрігері Арайлым Бауыржан, ситуациялық орталықтың медициналық тіркеушісі Алина Азимханова, сондай-ақ мейіргер-тіркеушілер кірді.
Екі күн бойы мамандар аудан тұрғындарына консультативтік қабылдау жүргізіп, бейінді қарап-тексерулер өткізді, сонымен қатар аудандық онкологтарға ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультативтік көмек көрсетті. Онкологиялық ауруларды ерте анықтау, пациенттерді бағыттау және өңірлік онкологиялық көмекті жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай мобильді бригадалардың жұмысы шалғай аудандардың тұрғындарына облыс орталығына бармай-ақ бейінді мамандардан кеңес алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірдегі медициналық ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық