Осы күндері Орталығымыз Shakarim University базасында өткен «Abai Science Fest» ғылыми фестиваліне қатысты. Фестиваль ғылым, білім, медицина, бизнес және өңірдің инновациялық қауымдастығы өкілдерін біріктірген ауқымды алаңға айналды. Іс-шара аясында ядролық технологиялар, медицина, экология, энергетика, цифрландыру және тамақ өнеркәсібі салаларындағы қолданбалы ғылыми жобалар мен заманауи әзірлемелер көрмесі ұйымдастырылды.
Орталық ядролық медицина, радиациялық онкология және қатерлі обырды диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін енгізу бағытындағы ғылыми жобалары мен жетістіктерді мен таныстырды. Фестиваль барысында Орталықтың ғылыми әлеуетін Орталық директоры Саят Таңатаров, директордың ядролық медицина және стратегиялық жоспарлау жөніндегі орыбасарының міндетін атқарушы Ұлжан Джамединова және біздің жас ғалымымыз, Орталықтың сарапшы-дәрігері Асхат Шалтынов таныстырды.
Фестиваль аясында Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің жас ғалымдарымен кездесті. Кездесу барысында ғылымды дамыту, ғылыми-зерттеу қызметін қолдау, сондай-ақ ғылым, білім және өндіріс арасындағы байланысты нығайту мәселелері толығынан талқыланды.
Көрме барысында таныстырылған Орталықтың ғылыми әлеуетіне тоқталатын болсақ, бүгінде біз ядролық медицина және радиациялық онкология саласындағы Қазақстанның жетекші ғылыми-медициналық мекемелерінің бірі болып табыламыз. Орталық халықаралық және республикалық ғылыми жобаларға белсенді қатысып, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи технологияларын енгізуге бағытталған зерттеулерді жүзеге асыруда. Орталық Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) бағдарламаларының белсенді қатысушысы, сондай-ақ USAID, JICA және KOICA халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастық орнатқан. Орталық мамандары әлемнің жетекші шетелдік клиникалары мен ғылыми орталықтарында білім алып, тағылымдамалардан өтуде. Сонымен қатар, Орталық базасында сәулелік терапия, ядролық медицина, дербестендірілген медицина және онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи технологиялары бағытында ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
«Abai Science Fest» фестиваліне қатысу өңірдің ғылыми әлеуетін нығайтуға, ғылым, медицина және инновация интеграциясын дамытуға, сондай-ақ кәсіби өзара іс-қимыл үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды. Осындай алаңдар ғылыми ұйымдар, білім беру мекемелері мен практикалық денсаулық сақтау арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға, озық технологияларды енгізуге және бірлескен ғылыми бастамаларды дамытуға ықпал етеді. Ядролық медицина және онкология орталығы алдағы уақытта да ғылыми және халықаралық жобаларға белсенді қатысып, отандық ғылымды дамытуға және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға өз үлесін қоса береді.