МЕНЮ

Ядролық медицина және онкология орталығы Алматы қаласындағы онкологиялық орталығымен ынтымақтастықты нығайтуда

Бүгін Орталығымыздың делегациясы жұмыс сапары аясында Алматы қаласының онкологиялық орталығының жұмысымен танысты. Алматыдағы Орталық — онкологиялық ауруларға шалдыққан пациенттерге жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін еліміздегі жетекші мамандандырылған медициналық мекемелердің бірі.
Делегация құрамында - Орталық директоры Саят Танатаров, сондай-ақ ядролық медицина және стратегиялық жоспарлау жөніндегі директордың орынбасарының міндетін атқарушы Улжан Джамединов. Сапар аясында Алматының онкологиялық орталығының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрсұлтан Избағамбетовпен кездесу өтті.
Сапар барысында Орталығымыздың өкілдері онкологиялық қызметтің ұйымдастырылуымен, мекеменің заманауи мүмкіндіктерімен, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейімен, енгізіліп жатқан технологиялармен және мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәсілдерімен танысты.
Алматыдағы онкологиялық орталығы — диагностика мен емдеудің заманауи әдістері белсенді енгізіліп жатқан, хирургиялық, дәрілік және сәулелік терапия бағыттары қарқынды дамып келе жатқан, сондай-ақ онкологиялық көмектің озық тәсілдері жүзеге асырылатын Қазақстандағы ірі бейінді медициналық мекемелердің бірі.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, кәсіби тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ онкологиялық қызметті дамыту және заманауи медициналық технологияларды енгізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл бағыттарын талқылады.
Екі орталық мамандары арасындағы кәсіби байланысты нығайту, серіктестік бастамаларды дамыту және диагностика, емдеу мен пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру саласындағы бірлескен жұмыстың мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жұмыс кездесуі сындарлы әрі достық атмосферасында өтіп, тараптардың ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және серіктестік байланыстарды нығайтуға өзара мүдделі екендігін растады.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық