МЕНЮ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ядролық медицина және онкология орталығына жұмыс сапарымен келді

Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов жұмыс сапарымен Орталығымызға келді. Сапар барысында денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық көмектің сапасын жетілдіру және өңірдің онкологиялық қызметінің әлеуетін одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Кездесу аясында Министрлік басшылығына Орталықтың негізгі қызмет бағыттары, диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдері, сондай-ақ инновациялық технологияларды енгізу және халыққа мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.
Сапар қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы жүйелі жұмыстың маңыздылығы, ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық