МЕНЮ

Мобильді бригада Абай ауданында

Ядролық медицина және онкология орталығының мобильді бригадасы облыс аудандарындағы көшпелі жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы Орталық мамандары Абай ауданына ауыл тұрғындарына консультативтік-диагностикалық қабылдау жүргізді.
Мобильді бригада құрамында бейінді мамандар пациенттерге консультациялық көмек көрсетті, қарап-тексерулер жүргізіп, әрі қарай бақылау мен ем қабылдау бойынша ұсынымдар берді. Ерекше назар онкологиялық аурулар мен ісікалды жағдайларды ерте анықтау мәселелеріне аударылды.
Халықты қабылдаумен қатар, Орталық мамандары ауданның медицина қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті. Іссапар барысында онкологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, пациенттерді бағыттау жұмыстарын жетілдіру, сондай-ақ қосымша тексеру мен емдеуге уақытылы жолдау мәселелері қарастырылды.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық