МЕНЮ

Бас және мойын ісіктері туралы хабардарлықты арттыру апталығы Құрметті достар!

8–14 маусым аралығында біздің Орталығымызда бас және мойын ісіктері туралы хабардарлықты арттыру апталығы өтуде. Бұл санатқа ауыз қуысы, тіл, ерін, көмей, жұтқыншақ, мұрын қуысы, қалқанша безі және бас пен мойын аймағындағы өзге де ағзалардың ісіктері жатады. Аталған аурулардың басты ерекшелігі — алғашқы кезеңдерде айқын белгілерсіз өтуі. Соның салдарынан көптеген адамдар дәрігер көмегіне кеш жүгінеді.
Сондықтан халықтың онкологиялық аурулар туралы сауаттылығын арттыру, аурудың алдын алу шараларына көңіл бөлу және уақтылы тексерулерден өту аса маңызды. Ерте анықталған дертті емдеу нәтижелі болып, адамның өмір сапасын сақтауға мүмкіндік береді.
Баршаңызды денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға, күмәнді белгілерді елемей, профилактикалық және скринингтік тексерулерден уақытылы өтіп тұруға шақырамыз.
Өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды күтіңіздер!
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық