МЕНЮ

Тераностика орталығы

Тераностика орталығы — ядролық медицинаның мамандандырылған бөлімі, оның  қызметі ауруларды ерте анықтауға, диагнозды нақтылауға, радионуклидтік терапия жүргізуге және радиофармацевтикалық препараттар айналымының толық циклін қамтамасыз етуге бағытталған. Тераностиканың негізгі қағидаты — радиофармацевтикалық препараттарды қолдану арқылы диагностикалық және емдік технологияларды ұштастыру. Бұл патологиялық өзгерістерді молекулалық деңгейде анықтауға және зақымдалған тіндерге нысаналы әсер етуге мүмкіндік береді.

Тераностика орталығының құрылымына келесі бөлімшелер кіреді:

  1. Радионуклидті диагностика бөлімшесі
  2. Радионуклидті терапия бөлімшесі
  3. Радиофармацевтикалық препараттар өндіру бөлімшесі
  4. Сапаны бақылау бөлімшесі

Тераностика орталығының төрт мамандандырылған бөлімшеден тұратын құрылымы ядролық медицинаның диагностикалық, емдік, өндірістік және сапаны бақылау бағыттарының өзара байланысын қамтамасыз етеді.

Кешенді тәсіл мамандандырылған медициналық көмектің толық, әрі дәйекті циклін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл патологиялық үдерісті анықтаудан және емдеуге көрсетімдерді айқындаудан бастап, радиофармацевтикалық препараттарды қолдануға, олардың сапасын бақылауға және емдеу нәтижелерін бағалауға дейінгі кезеңдерді қамтиды.

Тераностика орталығын құру және дамыту заманауи диагностика мен емдеу әдістерінің қолжетімділігін кеңейтуге, мамандандырылған онкологиялық көмектің сапасын арттыруға, пациенттерді емдеуде дербестендірілген тәсілдерді енгізуге және ядролық медицинаны дамытуға ықпал етеді.

    Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

    Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
    Семей қ., Құтжанов к., 3
    E-mail: mail@semeyonko.kz

    Емхана:
    +7 (702) 075-07-80 - ұялы
    +7 (7222) 69-42-16 - қалалық

    Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
    +7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
    +7 (702) 075-15-00 - Call-центр

    Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
    +7 (708) 467-27-64 - ұялы
    +7 (7222) 42-41-77 - қалалық