МЕНЮ

Хирургия бөлімшесі

Онкохирургия бөлімшесі 2019 жылғы сәуір айында бұрын әрекет еткен бөлімшенің таратылуы нәтижесінде қайта құрылды. Төрт жыл бойы бұл бөлімше жалпы онкология бөлімшесі деп аталды және ол маммогинекология бөлімшесі мен онкохирургия бөлімшесінің бірігуі нәтижесінде құрылған болатын.

Онкохирургиялық операциялардың барлық негізгі түрлері

Шетелде үздіксіз біліктілікті арттыру және оқу

Бүгінгі күні онкохирургия бөлімшесінің жалпы төсек қоры - 20 төсек.

Бөлімшеде тәжірибелі, жоғары білікті онкохирург-дәрігерлер жұмыс істейді.

Бөлімшенің негізгі міндеттері:

- қатерлі ісіктермен, ісік алды аурулармен ауыратын науқастарға ота жасау арқылы ем жүргізу;

- онкопатология салдарынан болған бұзылыстарды түзету;

- қажет болған жағдайда - стационарлық жағдайда қосымша тексерулер жүргізу.

Сондай-ақ, бөлімше мамандары обырға қарсы насихат жұмыстарын жүргізеді, қаладағы басқа медициналық мекемелерге кеңес береді.

Бөлімше базасында стома қойылған науқастарға арналған оңалту кабинеті жұмыс істейді, «Fast track» жедел қалпына келтіру бағдарламасы енгізілуде.

Бөлімше базасында «Онкология» мамандығы бойынша студенттер мен курсанттарды даярлау жүргізіледі.

Бөлімше қызметкерлері «Онкология» мамандығы бойынша магистратура аясында қосымша білім алуда.

Бөлімше пациенттері - Абай облысының түрлі аймақтарынан, Қазақстанның басқа облыстарынан және жақын шетелдерден келген тұрғындар.

Бөлімше заманауи ем жүргізуге қажетті жаңа аппараттармен үнемі жабдықталып отырады.

Бөлімше базасында онкохирургиядағы барлық негізгі операция түрлері, соның ішінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек аясындағы операциялар жүргізіледі.

2013 жылдан бастап бөлімшеге эндовидеоскопиялық құрылғы орнатылды.

Оның көмегімен жарақаты аз операциялық әдістер енгізілуде, олардың ауқымы тұрақты түрде кеңейіп келеді.

Онкохирургия бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің (Ресей, Франция, Түркия, Германия, Корея, Үндістан, Израиль, Швейцария және т.б.) жетекші клиникаларында оқытудан өтіп, біліктіліктерін арттыруды жалғастыруда.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3

E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық