МЕНЮ

Бокин Данияр Санжарұлы

Реабилитация және паллиативтік терапия бөлімінің меңгерушісі.
Дәрігер-хирург. Дәрігер-трансфузиолог. Медицина ғылымдарының магистрі.
Денсаулық сақтау менеджері.

Білімі:

2015 ж. – Семей мемлекеттік медицина университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «Медицина бакалавры» дәрежесімен бітірген.

2015–2017 жж. – Семей мемлекеттік медицина университетінде «Жалпы медицина» мамандығы бойынша интернатура. Біліктілігі – дәрігер-хирург.

2017–2019 жж. – «Медицина» мамандығы бойынша «СМУ» КеАҚ ғылыми-педагогикалық магистратурасы.

2018–2019 жж. – «Трансфузиология» мамандығы бойынша қайта даярлау курсы. Біліктілігі – дәрігер-трансфузиолог. «Республикалық медициналық академия» ЖШС ВКРФ.

2025 ж. – «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша сертификаттық курс, «СМУ» КеАҚ.

Мамандығы:

Денсаулық сақтау менеджері
Дәрігер-хирург
Дәрігер-трансфузиолог
Медицина ғылымдарының магистрі

Маман сертификаттары:

Денсаулық сақтау менеджері
Дәрігер-хирург
Дәрігер-трансфузиолог

Еңбек өтілі:

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК дәрігер-трансфузиологы.

2019–2023 жж. – Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК ғылыми-әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы.

2023–2026 жж. – Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК Хосписінің паллиативтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі.

2026 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК Реабилитация және паллиативтік терапия бөлімінің меңгерушісі.

Жалпы медициналық еңбек өтілі: 8 жылдан астам.

Ғылыми дәрежелері мен атақтары:

Медицина магистрі.

Ғылыми қызметі:

30-дан астам отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген ғылыми жарияланымдардың авторы және бірлескен авторы.

«Айқын бұлшықет кернеуімен жүретін жамбас-сан буынының туа біткен шығуы кезінде пациенттерді жүргізу» алгоритмінің авторы.

Пайдалы модельге патенттің авторы.

– «Стерилизациялық қорап» пайдалы моделіне патент, Қазақстан Республикасы «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК. Астана, №7878, 20.09.2021 ж.

– «METHOD FOR PREVENTION OF COAGULOPATHIC BLEEDING DURING SURGERY FOR MECHANICAL JAUNDICE» – Scopus, Georgian Medical News, 357(12), 2024.

– «IMPROVEMENT OF SURGICAL TREATMENT OF ACUTE BILIARY PANCREATITIS» – Scopus, Georgian Medical News, 355(10), 2024.

– «The Effect of Exercise Intervention on Improving Sexual Performance in Primiparous Women» – Scopus, Evidence Based Care Journal, 13(4), 355(10), 2024.

– «Билиарлық панкреатит: этиопатогенезі және хирургиялық емдеуі. Әдебиеттерге шолу», КОКНВО, «Ғылым және денсаулық сақтау», 2022.

– «Гастродуоденальды ойық жарадан қан кету, диагностикасы және қайталанатын қан кету қауіп факторлары. Әдебиеттерге шолу», КОКНВО, «Ғылым және денсаулық сақтау», 2024, №2, 135–147-беттер.

Қоғамдық қызметі:

Қазақстандық паллиативтік көмек қауымдастығының мүшесі.

Марапаттары:

«Үздік жас маман» медалі, №000201, «Қазақстан медицина қызметкерлері қоғамы», Астана қ., 2023 ж.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын сапалы дайындауға және өткізуге қосқан үлесі үшін Алғыс хаты, Астана қ., 2022 ж.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық