Диагностикалық деректердің дұрыс және нақты болуын қамтамасыз ету үшін талдауға алынатын несеп дұрыс жиналуы керек. Дұрыс жиналмаған несепті дұрыс талдау мүмкін емес, сондықтан бұл жағдайда жалпы талдаудың нәтижесі дұрыс болмайды. Тек дұрыс жиналған несеп талдаудың дұрыс нәтижесіне кепілдік береді.
Таңертеңгі несептің қажетті орташа бөлігін жинау үшін жинаудың келесі әдісін ұстану кеерк:
1. Таңертең тұрып, сыртқы жыныс мүшелерін бірден жылы сумен жуу керек. Талдауға несеп жинағанға дейін несеп шығаруға болмайды!
2. Жуынғаннан кейін сүлгімен сүртіп құрғату қажет, содан кейін ваннаға, туалетке немесе тазикке ыңғайланып отыру керек.
3. Несепке арналға таза ыдыс дайындап, оны оң қолыңызға ұстаңыз (солақайлар үшін сол қолға).
4. Несептің жартысын унитазға, ваннаға немесе тазикке шығарыңыз, содан кейін несеп шығаруды тоқтата тұрыңыз.
5. Несепке арналған ыдысты уретреға ұстаңыз.
6. Ыдысқа несептің келесі жартысын шығарыңыз.
7. Талдауға арналған ыдыстағы несепті уретрадан алыңыз.
8. Несептің соңғы жартысын унитазға, ваннаға немесе тазикке шығарыңыз. Талдауға арналған несептің мөлшері 50мл кем болмауы керек.
Талдау үшін жиналған несепті сол күні 2-3 сағат ішінде тапсыру керек.Егер сіз жиналған несепті зертханаға тапсыра алмасаңыз, оны төгіп тастап, келесі күні басқасын жинау керек. Несепке арналған таза ыдысты зертханадан алуға болады немесе дәріханадан сатып аласыз. Жалпы талдау үшін несепті жинар алдында қатты күш қимыл жүктемелерін болдырмау, өте ыстықта және қатты суықта болмау керек, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді қабылдаудан аулақ болу керек. Есіңізде болсын, әртүрлі ауруларды диагностикалауға көмектесетін талдаудың дұрыс нәтижесін алу, несепті жинау ережелерін сақтауға байланысты.
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz
Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық
Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық