Биохимиялық қан талдауының нәтижесі көбіне оған дайындықтың дұрыстығына байланысты. Қанның көптеген көрсеткіштерінің өзгергіштігіне байланысты талдауға қан тапсырар алдында келесі ережелерді қатаң (!) сақтау керек:
– міндетті түрде ашқарынға тапсыру керек, 8-12 сағаттық ашығудан кейін, тек газдалмаған су ішуге болады;
– қан тапсыратын күні таңертең сағыз шайнауға, мұз кәмпиттер жеуге болмайды (тіпті қантсыз болса да);
– кофе, шай, шырындар, газдалған және тәтті су ішуге тыйым салынады;
– алкоголь пайдалануды зертханаға барардан 14 күн бұрын толық алып тастау;
– талдауға 3 күн қалғанда рационды өзгертпей-ақ қойыңыз, бірақ майлы, ащы және қуырылған тағамдарды тағамдардан бас тарта тұрыңыз;
– зерттеуге 3 күн қалғанда спортпен шұғылдануды тоқтатыңыз;
– таңертең зертханаға келгенде отырып, 10-15 минут дем алыңыз;
– биохимиялық қан талдауын барлық нормалар дәл осы уақытқа әзірленгендіктен, таңертең сағат 7-ден 11-ге дейін тапсыру керек;
– егер сіз қандай да бір дәрі-дәрмектер қабылдап жүрсеңіз, мүмкіндік болса оларды қабылдауды зерттеуге 3 күн қалғанда тоқтата тұрыңыз; егер ол мүмкін болмаса емдеуші дәрігерге ескертіңіз;
– мүмкіндігінше талдауды сол бір зертхағана тапсырған жөн.
Биохимиялық қан талдауын процедураға немесе басқа тексерілулерге (сканерлеу, массаж) барғанға дейін тапсыру керек.
Естеріңізде болсын, биохимиялық қан талдауын тек дәрігер ғана оқып түсіндіре алады.
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz
Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық
Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық