МЕНЮ

Ультрадыбысты зерттеу әдістеріне дайындық

Ультрадыбысты зерттеу әдістеріне қалай дұрыс дайындалу керек:

ІШ ҚУЫСЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ УДЗ

‌(бауыр, өт қабыөт жолдарыұйқы безікөкбауыр)

Зерттеу жүргізуден 2-3 күн бұрын іш қуысы органдарының УДЗ дайындық барысында жеуге болмайтын тағамдарбұршақ дақылдарысүт тағамдары;жұмыртқа, кондитерлік өнімдер және тәттілерқара наншикі көкөністер мен жеміс-жидектермайлы еташытылған қырыққабатқою кофе, алкоголь, шырындар, газдалған сусындарпиво, шампанды қоса алғанда.

Тамақты күні бойына жиі, бірақ аз мөлшерде жеу керек (4-5 рет оңтайлывариант). Сұйықтықты әдеттегідей іше беруге болады.

Әдетте, УДЗ таңертең жүргізіледібұл жағдайда кешкі астан кейін ішуге болмайды.

Бірақ зерттеу күндізгі уақытта да жүргізіле бередіОнда пациенткепроцедурадан 6 сағат бұрын тамақтануға рұқсат етіледі.

Метеоризм жағдайында зерттеуге 2-3 күн қалғанда эспумизан немесе күніне 2 мезгіл түймедақ (ромашка) тұнбасын немесе күніне 4 мезгіл 1-2 таблеткадан белсендірілген көмір қабылдау ұсынылады.

Зерттеу міндетті түрде ашқарынға жүргізіледі.

БҮЙРЕК, ҚУЫҚТЫҢ УДЗ

Зерттеуге 2-3 күн қалғанда рационнан газ түзетін (бұршақ дақылдары, қара нан, қырыққабат, сүт) тағамдарды алып тастау керек.

Зерттеуге 1,5 немесе 2 сағат қалғанда біртіндеп 2 литрге жуық газдалмаған сұйықтық ішу кереккәдімгі сушайшырын, тәтті сусын және т.б. Бұл процедура кезінде қуық толып тұруы үшін қажет. Осының арқасында органның пішінін, контурын, қабырға қалыңдығын және басқа параметрлерді нақты анықтауға болады. Қуық асты безін немесе әйел жыныс мүшелерін бір мезгілде тексерген кезде қуықты толтыру оның артында орналасқан анатомиялық құрылымдарды жақсырақ көру үшін қажет. Зерттеуге дайындықтың физиологиялық әдісі де бар, ол 5-6 сағат бойы несепшығармау. Кеңес: егер дайындық кезінде сіз қатты қысылсаңыз және ұстап тұру қиын болса, онда жартылай босатуға болады. Содан кейін зерттеу уақытында қуық қайтадан толы болуы үшін сұйықтықтың қосымша мөлшерін ішу керек.

Кейде қуық асты безі және қуыққа УДЗ трансректалды жүргізіледі. Бұл жағдайда сипатталған дайындықтан басқа, процедурадан бір күн бұрын және бірнеше сағат бұрын тазарту клизмасын жасау керек.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3

E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық