МЕНЮ

Жобалар және БАҚ қызметі

Жобалар және БАҚ қызметі Абай облысының ДСБ «ЯМжОО» ШЖҚ КМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол Орталықтың стратегиялық дамуын, халықаралық ынтымақтастығын, сыртқы коммуникацияларын және қызметтерін ілгерілетуді қамтамасыз етеді.

Қызмет келесі міндеттерді жүзеге асырады:

1. Сыртқы байланыстар және PR:

- мекеменің PR-стратегиясын іске асыру;
- БАҚ-пен өзара байланыс;
- Орталықтың имиджі мен корпоративтік мәдениетін ілгерілету;
- іс-шараларды ұйымдастыру.

2. Маркетинг және ақылы медициналық қызметтерді ілгерілету:

- маркетингтік стратегия;
- нарық пен мақсатты аудиторияны талдау;
- жарнама науқандарын ұйымдастыру және контент дайындау.

3. Ғылыми-клиникалық сүйемелдеу және талдау:

- ғылыми бастамалар мен гранттарға қатысу;
- басшылыққа аналитикалық қолдау көрсету;
- ғылыми-клиникалық кеңестің қызметіне жәрдемдесу.

4. Ведомствоаралық және ішкі өзара әрекеттесу:

- мемлекеттік органдармен, ЖОО-лармен және ҮЕҰ-мен үйлестіру;
- Орталықтың құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесу.

5. Нормативтік қызмет:

- ішкі регламенттерді әзірлеу және сараптауға қатысу;
- сараптамалық топтардың құрамында жұмыс істеу.

6. Стратегиялық жоспарлау және даму:

- стратегиялық бастамаларды әзірлеу және іске асыру;
- Орталықтың стратегиялық жоспарын қалыптастыру мен оның іске асырылуын мониторингтеуге қатысу.

7. Халықаралық ынтымақтастық:

- халықаралық келісімдерді бастамалау және сүйемелдеу;
- шетелдік тағылымдамаларды, оқыту бағдарламаларын және тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;
- Орталықтың мүдделерін халықаралық алаңдарда таныстыру.

1. Рахимова Айгерим Руслановна Жобалар және БАҚ қызметінің жетекшісі
2. Соционер Дархан Сәкенұлы Жоба менеджері
3. Дандыбаева Ботакөз Дүйсенбекқызы Жоба менеджері
4. Касенов Жандос Амантаевич БАҚ менеджері
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3

E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық