МЕНЮ

Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды өндіру және қамтамасыз ету бөлімшесі

Радиофармацевтикалық дәрілік препараттары өндіру және қамтамасыз ету бөлімі - Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарайды.

Бөлімшенің қызмет саласы радиофармацевтикалық препараттарды өндіру және дайындау болып табылады.

Радиофармацевтикалық препараттарды өндіру және қамтамасыз ету бөлімшесі (РФП ӨжҚ) Қазақстан Республикасының халқына ядролық медицина қызметтерін көрсету және Ядролық медицина және онкология орталығын ұлттық және халықаралық сапа стандарттарының, фармакопеялық мақалалар мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетін заманауи радиофармацевтикалық препараттармен (РФ) қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Бөлімшенің негізгі міндеттері радиофармацевтикалық препараттарды өндіру және қамтамасыз ету, ядролық медицина саласына жаңа әзірлемелерді енгізу, сондай-ақ, иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бөлімше пациенттер мен медициналық ұйымдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, диагностика мен терапияның сапасын арттыруға, ғылыми-практикалық базаны дамытуға, сондай-ақ, ядролық медицина саалсы мамандарын даярлауға бағытталған.

Бөлімшенің негізгі қызметтері:

  • Циклотронда изотоптарды алу;
  • Бөлімше зертханасында радиофармацевтикалық препараттарды синтездеу;
  • [18 F]-FDG, организмдегі ісіктерді және метаболикалық процестерді көруге мүмкіндік беретін ПЭТ/КТ арналған радиофармацевтикалық құрал;
  • [18 F]-PSMA-1007, ПЭТ/КТ көмегімен қуық асты безінің қатерлі ісігін дәл диагностикалауға арналған радиофармацевтикалық препарат.
  • [18 F]-NaF, сүйектерді ПЭТ/КТ бейнелеуге арналған радиофармацевтикалық препарат.
  • РФДП өндірісінің барлық кезеңдерінде орау және бақылау, сапа менеджменті жүйесінің және қажетті өндірістік тәжірибенің (GMP) талаптарына сәйкес сақтау.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институтынан келесі радиофармацевтикалық препараттар жеткізіледі: натрий йодид (I-131) және генератор технеция-99m (⁹⁹ᵐTc).

- натрий йодидінің қаптамасы (радинуклидті терапияға арналған I-131 ерітіндісі (РНТ));

Ішке қабылдауға арналған натрий йодиді, 131I ерітіндісі. РНТ-ға тағайындамалар: тиреотоксикоз, дифференцирленген қалқанша безінің қатерлі ісігі және оның метастаздары.

- радионуклидті диагностикаға (РНД) арналған технеций Tc-99m негізіндегі радиофармацевтикалық препараттарды өндіру;

- «Технетрил» 99m Тс" – миокардтың, қалқанша без маңындағы бездерінің, сүт бездерінің және өкпе ісіктерінің ОФЭКТ/КТ үшін технеций-99м генераторынан лиофилизат пен натрий пертехнетат99m Тс ерітіндісінен дайындалған радиофармацевтикалық препарат;

- «Технефит» 99m Тс" - бауыр мен көкбауырдың ОФЭКТ/КТ үшін технеций-99м генераторынан лиофилизаттан және натрий пертехнетат99m ерітіндісінен дайындалған радиофармацевтикалық препарат;

-«Технефор» 99m Тс" - әртүрлі этиологиялардың патологиялық өзгерістерін (бастапқы және метастатикалық қатерлі ісіктер, остеомиелит, сүйек-буын туберкулезі, әртүрлі артриттер және т.б.) диагностикалау мақсатында қаңқаның ОФЭКТ/КТ үшін технеций-99м генераторынан лиофилизат пен натрий пертехнетаты 99м Tc ерітіндісінен дайындалған радиофармацевтикалық препарат;

      - «Бромезид» 99м Tc» – бауыр мен өт қабының ауруларында ОФЭКТ/КТ радионуклидті гепатохолецистографияға арналған технеций-99м генераторынан лиофилизат пен натрий пертехнетаты-99м Tc ерітіндісінен дайындалған радиофармацевтикалық препарат;

- «Фосфотех» 99m Тс"  - бауыр мен өт қабының ауруларында ОФЭКТ/КТ радионуклидті гепатохолецистографияға арналған технеций-99м генераторынан лиофилизат пен натрий пертехнетаты-99м Tc ерітіндісінен дайындалған радиофармацевтикалық препарат;

- «Пентатех» 99м Tc» - бауыр мен өт қабының ауруларында радионуклидті гепатохолецистографияға ОФЭКТ/КТ үшін технеций-99м генераторынан лиофилизат пен натрий пертехнетаты-99м Тк ерітіндісінен дайындалған радиофармацевтикалық препарат;

-«Резоксан» 99m Тс" - бауыр мен өт қабының ауруларында радионуклидті гепатохолецистографияға ОФЭКТ/КТ үшін технеций-99м генераторынан лиофилизаттан және натрий пертехнетаты-99м Tc ерітіндісінен дайындалған радиофармацевтикалық препарат;

- -«Пирфотех» 99m Тс" - әртүрлі этиологиялардың патологиялық өзгерістерін анықтау үшін ОФЭКТ/КТ қаңқа сцинтиграфиясына ОФЭКТ/КТ арналған технеций-99м генераторынан лиофилизат пен натрий пертехнетаты-99м Tc ерітіндісінен дайындалған радиофармацевтикалық препарат (бастапқы және метастатикалық ісіктер, остеомиелит, сүйек-буын туберкулезі және т.б.);

- -«Макротех» 99m Тс"- бауыр мен көкбауыр сцинтиграфиясы ОФЭКТ/КТ үшін технеция-99м генераторынан (функцияны бағалау, ошақтарды анықтау, порталдық гипертензия) лиофилизат пен натрий пертехнетаты-99м Tc ерітіндісінен дайындалған радиофармацевтикалық препарат. Өкпенің перфузиялық сцинтиграфиясы (өкпе артериясын тромбоэмболиясын диагностикалау үшін).

- бүкіл өндірістік циклде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- жаңа радиофармацевтикалық препараттарды, сондай-ақ оларды клиникалық қолдану бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;

- ядролық медицина саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, стандарттарды және әдістемелік нұсқауларды әзірлеуге қатысу;

- медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық, әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;

Ядролық медицина орталықтарын жобалау және жоспарлау бойынша кеңес беру;

 

- мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларына қатысу.

1

Сәрсекев Асет Шәкерович  

РФДП өндіру және қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
2

Бестонов Ру Қанатұлы

Радиофармацевттің міндетін атқарушы, аға радиофармацевт
3

Хажидинов Азамат Сағинаевич

Циклотрон инженері
4

Сарсембаев Ерлік Әділғазыұлы

Циклотрон инженері

5

Абдигамитов Бағлан Абдығалиұлы

Радиохимик-технолог

6

Мергенбаев Дархан Эльдарұлы

Радиохимик-технолог
7

Отынбаева Әсем Ришатқызы

Радиофармацевт

8

Ақылбекова Айнұр Сапарханқызы

Радиофармацевт

9  

Рақышева Айдана Рысбекқызы

Радиофармацевт

10  

Әлімбеков Данияр Ақанұлы

Радиофармацевт

 

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3

E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық