МЕНЮ

Қауіпсіздік және еңбек қорғау қызметі

Қауіпсіздік қызметі еңбек қауіпсіздігін қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындап, еңбек процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасын қамтамасыз етуге бағытталған.

ЯМжОО-ның құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын, нормативтік құқықтық актілерді сақтауын ішкі бақылауды жүзеге асырады.

Ғимараттардың, құрылыстардың техникалық жағдайын, еңбек жағдайларының қауіпсіздігін, желдету жүйелерінің тиімділігін, санитарлық-техникалық құрылғылардың, санитарлық тұрмыстық бөлмелердің, қызметкерлердің коллективтік қорғау құралдарының жағдайын тексеруге қатысады, еңбекті қорғау нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігін анықтайды. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немесе апатқа әкеп соғуы мүмкін бұзушылықтар анықталған жағдайда, қауіпті еңбек жағдайлары кезінде жұмысты тоқтату шараларын қабылдайды.

Жаңа қабылданған, іссапарға шыққан немесе оқу мен практикаға келген қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша алғашқы нұсқаулық өткізеді.

Белгіленген формаларға сәйкес және тиісті мерзімде еңбек қорғау бойынша есептілікті дайындайды.

1. Рақышева Бақытгүл Оразамбайқызы Қауіпсіздік және еңбек қорғау қызметінің жетекші маманы
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3

E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық