МЕНЮ

Қорытындылар мен перспективалар: есеп беру жиындары басталды

Ядролық медицина және онкология орталығында есеп беру жиындары басталды. Жиын барысында мекеменің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылуда. Алғашқы күні Орталықтың бірнеше диагностикалық қызметінің жұмыс нәтижелері таныстырылды.
Алғашқылардың бірі болы,п морфология және цитология бөлімшесінің есебі тыңдалды. Бұл — негізгі міндеті аурудың барысына болжам жасаумен қатар, түпкілікті диагноз қою болып табылатын маңызды құрылымдық бөлімше. Бөлімшеде кез келген күрделіліктегі патоморфологиялық, молекулярлық-генетикалық, иммуногистохимиялық, сондай-ақ цитологиялық зерттеулер жүргізіледі. Өткен жылы бөлімше мамандары шамамен 90 мың зертханалық зерттеу орындады.
Сондай-ақ клиникалық диагностика бөлімшесінің жұмысы қорытындыланды. Бұл бөлімше Орталықтың диагностикалық қызметтері арасында маңызды орын алады және диагнозды уақтылы қою мен жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін бақылау үшін қажетті объективті диагностикалық ақпараттың шамамен 80%-ын қамтамасыз етеді. 2025 жылы бөлімше мамандары шамамен 380 мың зертханалық зерттеу жүргізді.
Есептік баяндама сәулелік диагностика бөлімшесі тарапынан да ұсынылды. Мұнда КТ, МРТ, рентгенография, маммография және УДЗ қоса алғанда, заманауи сәулелік диагностиканың барлық түрлері қолданылады. 2025 жыл ішінде бөлімшеде пациенттерге шамамен 68 мың тексеру жүргізілген.
Өз баяндамаларында спикерлер негізгі жетістіктерді, проблемалық мәселелерді, сондай-ақ бөлімшелердің ағымдағы жылға арналған даму жоспарларын да атап өтті.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық