МЕНЮ

Есептік жиындары жалғасуда

Ядролық медицина және онкология орталығында есептік жиындардың екінші күні өтүде. Бүгін Орталықтың тағы үш бөлімшесі 2025 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындыларын ұсынды.
Алғашқы болып анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Даулет Есболатов баяндама жасады. Бөлімше әртүрлі операциялар кезінде, соның ішінде хирургиялық араласуларда анестезиологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Өткен жылы бөлімше мамандары шамамен 2 мың анестезиологиялық көмек көрсетті.
Жиынның барысында реабилитация және паллиативтік терапия бөлімшесінің меңгерушісі Ғабиден Рахымжанов жұмыс қорытындыларын таныстырды. Паллиативтік көмек онкологиялық ауруларды емдеудің маңызды әрі ажырамас бөлігі болып табылады — бұл жерде пациенттер симптоматикалық және ауырсынуды басатын ем алады. Өткен жылы бөлімшеде шамамен 250 пациентке көмек көрсетілді.
Сонымен қатар химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі Айгүл Астаева баяндама жасады. Бөлімшеде Қазақстанда және әлемдік тәжірибеде енгізілген химиотерапияның барлық заманауи түрлері қолданылады. 2025 жылы бөлімшеде шамамен 3 300 емделген жағдай тіркелді.
Өз баяндамаларында бөлімше басшылары жұмыстың негізгі көрсеткіштерін, қол жеткізілген нәтижелерді, проблемалық мәселелерді және ағымдағы жылға арналған даму жоспарларын атап өтті.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық