МЕНЮ

Есептік жиындар жалғасуда

Ядролық медицина және онкология орталығында үшінші күн қатарынан есептік жиындар өтуде. Бүгін Орталықтың тағы бес бөлімшесі 2025 жылдағы атқарылған жұмыстардың қорытындыларын ұсынды.
Хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Максим Онищенко баяндама жасады. Хирургия бөлімшесі — Орталықтың жүрегі деп атаса да артық болмас, мұнда қатерлі ісіктері бар пациенттерге хирургиялық емнің барлық түрі жүргізіледі. Өткен жылы Орталық хирургтары шамамен 700 хирургиялық операция жасағаны айтылды.
Сондай-ақ, маммология және гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Төлеген Құрманғалиев баяндама жасады. Бұл бөлімше сүт безі мен әйелдердің репродуктивтік жүйесінің онкологиялық, обыр алды және қатерсіз аурулары бар пациенттеріне мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Өткен жылы аталған бөлімшеде мыңнан астам науқас ем қабылдап, маммология және гинекология бөлімшесінің мамандары 1230-дан астам хирургиялық операция орындады.
Жылдық есеппен радионуклидтік терапия бөлімшесінің меңгерушісі Назигуль Есболатова сөз сөйледі. Аталған бөлімше — Қазақстанда алғаш рет іске қосылған, қалқанша безі ауруларын радиоактивті йодты қолдану арқылы емдейтін бірегей бөлімше. Мұнда жыл сайын 600-ден астам науқас ем алып келеді.
Өткен жылдың жұмыс қорытындыларын радионуклидтік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Айгерім Түсіпжанова да таныстырды. Ядролық медицина мүмкіндіктерінің арқасында бұл бөлімшеде радионуклидтік диагностиканың ең озық әдістері қолданылады. 2025 жылы бөлімше мамандары тек БФЭКТ/КТ аппараттарында ғана әртүрлі локализациялар бойынша шамамен 7 мың тексеру жүргізді.
Есептік кездесудің қорытынды бөлімінде радиациялық онкология бөлімшесінің меңгерушісі Нұргүл Жұмақанова баяндама жасады. Бұл бөлімшеде Орталық пациенттері сәулелік терапия курстарынан өтеді. Материалдық-техникалық базаны тұрақты жаңғырту мен жетілдірудің арқасында бөлімше мамандары емдеудің жоғары дәлдігін қамтамасыз етіп, сау тіндерге түсетін әсерді барынша азайтатын сәулелік терапияның заманауи әдістерін қолданып келеді.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық