МЕНЮ

Әріптестіктің жаңа перспективалары: Орталық делегациясының Ядролық физика институтына жұмыс сапары

Бүгін Орталығымыздың делегациясының Ядролық физика институтына жұмыс сапары өтті. Ядролық физика институты— Қазақстандағы атом саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін, отандық ғылымды, ядролық технологияларды дамытуда және жоғары білікті кадрлар даярлауда маңызды рөл атқаратын жетекші әрі бірегей ғылыми орталығы.
Делегация құрамында - Орталық директоры Саят Танатаров, сондай-ақ ядролық медицина және стратегиялық жоспарлау жөніндегі директордың орынбасарының міндетін атқарушы Улжан Джамединова. Сапар аясында Институттың бас директоры Саябек Сахиевпен және өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары Евгений Ермаковпен кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ серіктестік байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.
Айта кету керек, Ядролық физика институты көптеген жылдар бойы Орталығымыздың сенімді әрі стратегиялық маңызды серіктесі болып табылады. Институт онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде қолданылатын бірқатар радиофармацевтикалық препараттарды жеткізіп, ядролық медицинаның дамуына және мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттыруға елеулі үлес қосып келеді.
Тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және ғылым, радиофармпрепараттар өндірісі мен заманауи технологияларды практикалық денсаулық сақтау саласына енгізу бағытындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік танытатындарын растады. Жұмыс сапары сындарлы әрі достық атмосферасында өтіп, көпжылдық серіктестікті дамытудың тағы бір маңызды қадамына айналды.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық