МЕНЮ

Абай облысының медициналық ұйымдары арасында өтіп жатқан спартакиадада Ядролық медицина және онкология орталығының командасы жүлделі орындарға ие болды

Медицина қызметкері күні қарсаңында «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облыстық филиалының бастамасымен өңірдің медициналық ұйымдары арасында спартакиада өтуде. Спорттық іс-шараның мақсаты – корпоративтік рухты нығайту, командалық өзара іс-қимылды дамыту, медицина қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ кәсіби ортада бірлік, өзара қолдау және әріптестік қарым-қатынасты қалыптастыру.
Спартакиаданың алғашқы кезеңі теннис және шахмат спорт түрлері бойынша өтті. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша біздің қызметкерлер бірден екі спорт түрінен жоғары нәтиже көрсетті. Шахмат жарысында Орталық командасы құрметті 2-орынды, ал теннис жарысында 3-орынды иеленді. Әріптестерімізді лайықты нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа спорттық жеңістер мен жарқын жетістіктер тілейміз!
Енді спартакиада аясында 13–14 маусым күндері футболдан жарыстар өтеді. Бұл сайыста да Орталығымыздың қызметкерлері өз командасының намысын қорғайтын болады. Командамызға сәттілік, жоғары жігерлік және тек жеңісті нәтиже тілейміз!
 
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (708) 467-27-69 - WhatsApp
+7 (702) 075-15-00 - Call-центр

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық