МЕНЮ

Фармация бөлімі

Бөлім стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды қабылдаудан бастап, пациенттің дара қолданысына дейінгі дұрыс басқарылуын қамтамасыз етеді.

Бөлімнің негізгі міндеті медициналық ұйымның пациенттерін қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету және олардың рационалды қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Бөлім келесі функцияларды орындайды:

- дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды қабылдау, сақтау, есепке алу, жою, орталықтандырылған дайындау және орау, сонымен қатар оларды медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне тарату;

- қажеттілікті анықтау, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға өтінімдер жасау;

- медициналық ұйымның формулярлық комиссиясының жұмысына қатысу;

- медициналық ұйымның дәрі-дәрмек формулярын әзірлеуге қатысу;

- дәрі-дәрмектерді дұрыс енгізбеу, сақтау және дайындаумен байланысты анықталған дәрі-дәрмек қателерін жою бойынша іс-шаралар әзірлеу;

- жоғары қауіпті дәрі-дәрмектерді сақтау мен маркировкасын бақылау жүргізу;

- Бөлім жұмысына дәрі-дәрмек формаларын өндірудің заманауи технологияларын енгізу;

- Бөлімнің алдағы жұмыс жоспарларын әзірлеу және оны іске асыру.

- дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға өтінімдерді жинау және қалыптастыру;

- жеткізілімге өтінімдерді, соның ішінде жылдық өтінімді және оның түзетулерін қалыптастыру кезінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті талдау және анықтау;

- медициналық ұйым жағдайында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды қабылдау және сақтау орындарына бөлу;

- дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды, олардың сериялары мен жарамдылық мерзімдерін ескере отырып, дұрыс сақтау және есепке алуды қамтамасыз ету.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3

E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық