МЕНЮ

Пациенттерді қолдау кабинеті

Құрметті пациенттер! Ядролық медицина және онкология орталығындакөрсетілетін медициналық қызметтің сапасы туралы, пациенттердің әлеуметтік және психологиялық көмек алу мәселелері  бойынша сіз Ядролық медицина және онкология орталығы емханасының 1-қабатында орналасқан №14 Пациенттерді қолдау кабинетіне жүгіне аласыз, кабинет сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс жасайды. Телефон 8 (7222) 77-41-59, үйлестіруші (координатор) 8 708 538 41 60.

Сізге келесі сұрақтар бойынша консультациялық көмек көрсетеді:

1. Диагностикалық емдеу медициналық қызметтерін көрсету сапасы және «осында және қазір» қағидаты бойынша басқа да мәселелер бойынша

2. Ауруды иондаушы сәулелену әсерімен (полигон) байланыстыруды анықтау үшін құжаттар жинау бойынша консультация

3. Ауруды иондаушы сәулелену әсерімен (полигон) байланыстыруды анықтау үшін құжаттарға консультация

4. Ауруды иондаушы сәулелену әсерімен (полигон) байланыстыруды анықтауға нысаналы топтағы пациенттер (стационарлық пациенттер, 70 жастан асқандар, қаладан тыс жерлерде тұратындар, жалғыз басты адамдар және т.б.) үшін құжаттар тапсыру

5. Негізгі ауруы бойынша мүгедектікке жататын пациенттер үшін құжат жинау бойынша консультация (МСЭ)

6. I, II, III топтағы мүгедектер үшін жеңілдік беру жөнінде консультация(жеке табыс салығы, транспорт құралдарына салық, жер салығы, мүлік салығы және т.б.)

7. Пациенттерді қолдау кабинеті әлеуметтік оңалтуда пациенттерді қолдауға қатысты мәселелерді үйлестіреді, қоғамдық бірлестіктермен және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттеседі.

ПАЦИЕНТТЕР НАЗАРЫНА!

Мүгедектік рәсімдеуді уақтылы ұйымдастыру мақсатында, ОА ДСБ ЦЯМиО-да «Д» есебінде тұрған азаматтарға келесіні хабарлаймыз:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына сәйкес «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» — мүгедектік рәсімдеу мәселесі диагноз қойылған күннен бастап 120 күннен ерте емес мерзімде, жұмыс істемейтін пациентке (жұмыссыз, студент, зейнеткер) аурудың сатысына және ағза функциясының бұзылуына байланысты қарастырылады.

Пациент жұмыс істеген жағдайда, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы тиісінше 120 немесе 180 күнге беріледі және осы мерзім аяқталғаннан кейін, тіркелген мекенжайы бойынша учаскелік терапевт аурудың сатысына және ағзалар мен жүйелер функциясының бұзылуына байланысты 031 нысанын (медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама) рәсімдеу мәселесін шешеді.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz

Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық

Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық

Радионуклидтік терапия бөлімшесі (РНТ):
+7 (708) 467-27-64 - ұялы
+7 (7222) 42-41-77 - қалалық