Дұрыс, нақты нәтиже алу үшін қан тапсыру ережесін сақтау керек:
- Никотин перифериялық тамырлардың спазмын туғызатындықтан, бір жарым екі сағаттай темекі тартпау. Бұл саусақтың бастарына қанның баруын азайтады және алуды қиындатады. Осы себептен де қою шай немесе кофе ішу ұсынылмайды.
- Осы зерттеу барысында міндетті түрде анықталатын қандағы холестерин мен басқа да заттектердің жоғары деңгейі СОЭ көрсеткішіне әсер ететіндіктен, өте майлы тағам және алкогольді пайдаланбау керек.
- Қан тапсырудан бір тәулік бұрын қанның ұю жүйесіне әсер ететін кейбір препараттарды мүмкіндігінше қабылдамау. Оларға танымал стероид емес анальгетиктер жатады.
- Жоспарлы клиникалық қан талдауын вирусты инфекциялар болған кезде сондай-ақ жазылғаннан кейін бір апта өтпейінше тапсыруға болмайды. Бұл аурулар жасуша құрамына біршама әсер етеді.
- Жалпы қан талдауының биохимиялық зерттеуге қарағанда айырмашылығы, оны тамақ ішкеннен кейін аз уақыт өткенде (бір сағатқа жуық) орындауға болады.
- Қанды ашқарынға тапсыру немесе тапсырмауды өзіңіз шешіңіз. Егер тек қана клиникалық талдау жүргізу жоспарланып отырса, онда таңертең жеңіл-желпі тамақтануға болады. Кешенді тексеру жағдайында мүмкіндігінше тамақтан және тәтті сусындардан бас тарта тұру керек.
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz
Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық
Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық