Өткенде кадр қызметінің жұмысы негізінен құжаттарды толтырудан, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығарудан тұрды. Жаңа буындағы персоналды басқару қызметі адами ресурстарды басқару бойынша қызметті үйлестірумен айналысады. Сондықтан бүгінгі таңда денсаулық сақтау ұйымының HR-менеджерлері анағұрлым жоғары мәртебеге ие және кең ауқымды міндеттер мен келесі функцияларды орындайды.
- ұйымды құзыретті қызметкерлермен жасақтау;
- тиімді жұмысқа орналастыру және кәсіби даярлау жүйесін құру;
- медицина қызметкері мамандығының маңыздылығы мен беделін арттыру;
- жас мамандарды қолдау;
- медицина кадрларының тұрақсыздығын барынша төмендету мәселесін шешу;
- денсаулық сақтау саласындағы түрлі ұйымдармен ынтымақтастық орнату;
- материалдық және материалдық емес ынталандыру жүйесі, корпоративтік рухты қалыптастыру және қолдау;
- оқыту қажеттілігін анықтау;
- кіріспе нұсқаулық өткізу және қызметкерлерді бейімдеу және т.б.
ЯМжОО ДСБ персоналды басқару қызметін тәжірибелі маман Гүлнара Сабырхановна Байжанова басқарады.
Персоналды басқару қызметінде бұрынғыдай бүкіл ЯМжОО-ның жеке құрамы бірыңғай бастапқы есеп құжаттамасының нысандарына сәйкес есепке алынады. Кадрлық құжаттар еңбек заңнамасына сәйкес ресімделеді. Маман қызметкерлердің жеке істерін қалыптастырып, жүргізеді, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістерді енгізеді.
1. |
Байжанова Гүлнара Сабырхановна |
Персоналды басқару қызметінің бөлім басшысы |
2. |
Тлеуова Зарина Тілеугазиевна |
Персоналды басқару қызметінің маманы |
3. |
Райханова Гүлнар Какеновна |
HR менеджер |
4. |
Қожанова Гүлназ Какеновна |
Мұрағатшы |
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Құтжанов к., 3
E-mail: mail@semeyonko.kz
Емхана:
+7 (702) 075-07-80 - ұялы
+7 (7222) 69-42-16 - қалалық
Радионуклидтік диагностика бөлімшесі:
+7 (702) 075-07-81 - ұялы
+7(7222) 69-42-18 - қалалық